Жаңа Конституция бойынша референдум: алдын ала нәтижелер жарияланды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты өткен республикалық референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдум өтті деп танылды.

– Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны 9 127 192. Бұл – референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың 73,12%-ы. 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қабылдау жөніндегі мәселені қолдап дауыс бергендер саны 7 954 667 адам болды. Бұл – дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,15%-ы, – деді Нұрлан Әбдіров алдын ала дауыс санау нәтижелерін жариялау кезінде.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жаңа Конституцияға қарсы шамамен 900 мыңға жуық адам дауыс берген.

Сонымен қатар, екі жауап нұсқасы да белгіленгендіктен 128 мыңға жуық бюллетень есепке алынбаған. Ал 146,5 мың бюллетень жарамсыз деп танылған.