Ирандағы соғыс ұзаққа созылса Қатар мен Кувейт экономикасы құлдырауы мүмкін

Ulysmedia
ЖИ/Ulysmedia

Ирандағы соғыс ұзаққа созылатын болса, Парсы шығанағындағы араб елдерінің экономикалық тұрақтылығына қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Ормуз бұғазының жабылуы Парсы шығанағы елдерінің мұнай экспортына кері әсерін тигізді. Goldman Sachs экономисі Фарук Суссаның айтуынша, егер. Ирандағы қақтығыс сәуірге дейін жалғасса Қатар мен Кувейттің ЖІӨ 14 пайызға дейін құлдырауы мүмкін. Бұл 1990 жылдардың басындағы Ирактың Кувейтке басып кіруі кезіндегі дағдарыстан кейінгі ең ауыр экономикалық дағдарыс болмақ.

Ирандағы соғыстың ұзаққа сызылуы БАӘ мен Сауд Арабиясының экономикасына да жеңіл тимейді. Олардың ЖІӨ 5 және 3 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл коронавирус пандемиясынан кейінгі экономикаға жасалған ауыр соққы.

Контекст

АҚШ пен Израиль шабуылынан кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастаған соң әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 100 доллардан асып кетті.