Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы өлі табылды

Сырым Қаржас
Фото: dzen.ru

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметінің атқышы карабиннен абайсызда оқ шығарып алған. Оқ қарауыл бастығына тиген.

Хабарламада екі адамның да әскери қызметші емес екені айтылған. Олар Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері болған.

Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

ТЕРГЕУ

Жамбыл облысында әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады.