Референдум кезінде 6 адам учаскеден қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов хабарлады. Оның сөзінше, алты адам учаскеден әртүрлі себеппен шығарылған.
- Бұл жалпы республика бойынша. Әр учаскеде ереже бекітілген. Байқаушылар ол ережемен танысып, қол қояды. Референдум кезінде ереже бұзылған жағдайда, біріншіден, ауызша ескерту беріледі. Оған көнбей, референдум болып жатқан процеске кедергі жасаса, қосымша шара қабылдауға мәжбүр болады, – дейді Өтемісов.
НӘТИЖЕ
Еске салайық, бүгін референдумның қорытынды нәтижелері жарияланды.