20 наурызда ауа райы қандай болады?

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптиктер 20 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

20 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл.

Астана қаласында 20 наурызда тұман, көктайғақ болады.

20 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Ақтөбе қаласында 20 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

20 наурызда Ақмола облысында тұман, көктайғақ болады. Көкшетау қаласында 20 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.

20 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Тараз қаласында 20 наурызда кей уақыттарда тұман болады.

20 наурызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Павлодар қаласында 20 наурызда тұман болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

20 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Қарағанды қаласында 20 наурызда кей уақыттарда тұман.

20 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

20 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қаласында 20 наурызда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

20 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Семей қаласында 20 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

20 наурызда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады.

20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 20 наурызда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

20 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында 20 наурызда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

20 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында кей уақытта екпіні 15-18 м/с болады.

20 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Өскемен қаласында 20 наурызда тұман болады.