Базарбек Алатау қаласының әкімі болу туралы сұраққа жауап берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Бақытжан Базарбек Алатау қаласының әкімі болу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Базарбек депутаттық мандаты аяқталмағанын атап өтті. 

- Одан кейін саяси науқанға қатысып, өз-өзімізді көрсетеміз. Мәселе барғым келеді (әкім болып) дегенде емес. Халық мені қай жақта көріп отыр?, – дейді депутат. 

Сонымен қатар, Бақытжан Базарбек Amanat партиясына өткені туралы әңгімеге пікір білдірді. 

- Мен Amanat партиясымен тікелей жұмыс істеп отырмын. Ол мәселені жазда шешетін боламын. Amanat партиясына өткен, өтпегенімді әзірге айта алмаймын. Ол жазда шешіледі, – дейді депутат.