Ресей экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін

Ulysmedia
Фото: ТАСС

Кремльге жақын экономистердің пікірінше, биылғы жылдың соңына дейін Ресей экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы «Известия» басылымы Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжам орталығы дайындаған баяндамаға сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Орталықтың бағалауынша, өткен жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 0,49-ға жетіп, шекті деңгей — 0,18-ден шамамен үш есеге жоғарылаған.

Құжатта сондай-ақ Ресейдегі рецессияның ұзаққа созылып, бір жылдан астам уақытқа жалғасуы мүмкін екендігіайтылған.

Басылым сұхбат алған сарапшылардың пікірінше, Ресей экономикасының өсімін жоғары базалық мөлшерлеме, қатаң бюджет саясаты, кадр тапшылығы, сондай-ақ инвестициялық үзіліс тежеп отыр. Қаржы маманы Алексей Родиннің айтуынша, мұнай бағасының күрт төмендеуі немесе Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкциялардың енгізілуі экономиканың рецессия түсуі ықтималдығын арттыра түседі.

«АМаркетс» компаниясының қаржы сарапшысы Игорь Расторгуев рецессия мұнай бағасы өсіп жатқан жағдайда да болуы мүмкін екенін атады. Оның сөзінше, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысынан инфляцияның жаңа толқыны пайда болуы ықтимал. Бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкін негізгі мөлшерлемені төмендету үдерісін уақытша тоқтатуға мәжбүрлеуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі Ресей экономикасының өсімі негізінен мемлекеттік тапсырыстар мен әскери-өнеркәсіптік кешенге тиесілі компаниялардың есебінен ғана қамтамасыз етіліп отыр.