Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек екенін айтқан еді.