22 наурызда елдің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
ЖИ/Ulysmedia

Синоптиктер 22 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

"Қазгидромет" мәліметінше, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.