Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 58-орын) Майамидегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымындағы сенсация авторы атанды. Ол тартысты кездесуде АҚШ өкілі, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Бен Шелтонды ерік-жігерінің арқасында жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ойын үш сетке созылып, қазақстандық теннисші 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, теннисшілер бұған дейін бір-бірімен кездеспеген және америкалық мұндай қарсылықты күтпегені анық.
Miami Open турнирінің үшінші айналымында Александр Шевченко француз теннисшісі Юго Умбермен (әлемнің 34-ракеткасы) шеберлік байқасады.