Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Сырым Қаржас
Алматы әкімдігі

Алматы ипподромында тағы бір әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Динара Сайдалина түйе үстінде садақ атып, 10 секунд ішінде 4 нысананы дәл көздеп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, мұндай ату түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі әрі жоғары деңгейдегі шоғырлануды, тепе-теңдікті және дәлдікті талап етеді.

Мереке аясында ұлттық спорт түрлері бойынша да көрсетілімдер өтті. Оның ішінде көкпар мен "шабандоздық" құрылымдары ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, келушілер дәстүрлі қолөнермен танысып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, киіз үйлерді аралап көрді.