Қазақстан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Айролода (Швейцария) фристайлдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Кезекті жарыс күні фристайл-акробатикадан аралас командалар арасында сайыс өтті.

Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі құрам өнер көрсетті. Ардана Маханова, Асылхан Асан және Дінмұхаммед Райымқұлов 212,78 ұпай жинап, төртінші орын алды.

Ал Раяна Маханова, Роман Погосян және Аделина Өмірзақова 189,50 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

Жарыста Украина құрамасы 247,50 ұпаймен жеңіске жетті. Канада құрамасы 243,04 ұпай жинап, екінші орын алды. АҚШ командасы 224,54 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында Асылхан Асан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы атанса, Дінмұхаммед Райымқұлов Қазақстан қоржынына күміс медаль салған еді.