Қосшыда жол жиегінен нәресте денесі салынған пакет табылды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен шала туған нәрестенің денесі салынған пакет табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жергілікті пабликтердің мәліметінше, пакет жеке сектор аудандарының бірінен табылған. Оның ішінде жаңа туған нәрестенің денесі болған. Алдын ала дерек бойынша, жүктілік мерзімі шамамен 6-7 ай болуы мүмкін. Әзірше сәби өлі туған ба, әлде туғаннан кейін көз жұмған ба – белгісіз.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.