Аяғы сынып, бес күн далада түнеген. Абай облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

Ulysmedia
скриншот

Абай облысында жоғалып кеткен ер адам табылды. Мал іздеп шығып, аяғын сындырып алған ер адам бес күн бойы далада түнеген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

56 жастағы ер адам 17 наурызда мал іздеп шығып, жоғалып кеткен. Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, ер адамды іздестіру жұмыстары бес күн бойы жүргізілген. Полиция аймақты толықтай шолып шыққан.

«Іздеудің бесінші күні таңсәріде жоғалған ер адам дін аман табылды. Белгілі болғандай, жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Жарақатына байланысты өздігінен қозғала алмай, осы уақыт бойы далада жатқан», – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Ер адамға табылғаннан кейін сол жерде медициналық көмек көрсетілген.