Ақмола облысындағы Ақсу алтын кенішінде қаза тапқан жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ақмола облыстық еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, 2026 жылы 24 наурызда «АК Алтыналмас» АҚ заңгерінен Ақсу кенішінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен.
«Жазатайым оқиға фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті арнайы тергеу тағайындады», – деп хабарлады ведомство.
Полиция оқиғаға байланысты суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Өз өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.