Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
"Қазселденқорғау" ММ мамандары республика бойынша көшкін қаупі бар 378 жерүсті тексеру жүргізіліп, 10 ескерту белгісі орнатылды.
Мекеменің мәліметінше, қолайсыз ауа райына және кейбір учаскелерде қар жамылғысының жиналуына байланысты қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі бар.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Түркістан және Жамбыл облыстарының биік таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталып отыр, қар көшкіндерінің өздігінен түсу ықтималдығы жоғары. Көшкіндердің жүруіне түрткі болу қаупіне байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн, – делінген хабарламада.
ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға бармауды ұсынды.