Ислам революциясы сақшыларының корпусы Таяу Шығыста америкалық университеттерді нысанаға алуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Тегерандағы осындай ескертуге себеп ретінде АҚШ пен Израильдің соңғы шабуылдары аталды, деп жазды The Times of Israel. Иран тарапының мәліметінше, сол соққылар кезінде Ирандағы екі университетке зақым келген. Ислам революциясы сақшыларының корпусы мәлімдемесінде Вашингтон университеттерді бомбалауды ресми түрде айыптауға тиіс делінген. АҚШ-қа бұл үшін Тегеран уақыты бойынша 30 наурызға дейін уақыт берілген. Әйтпесе, аймақтағы америкалық университеттер қарымта соққылар жасалуы мүмкін. Сонымен қатар Иран тарапы университеттердің қызметкерлері, оқытушылары мен студенттеріне үндеу жасап, кампус аумағынан кемінде бір шақырым қашықтықта болуды ұсынды.
КОНТЕКСТ
Бірқатар америкалық жоғары оқу орындарының Таяу Шығыста филиалдары бар. Мысалы, Texas A&M University Қатарда жұмыс істейді, ал New York University-діңс Біріккен Араб Әмірліктерінде кампусы бар.