Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов әуе билеттерінің қымбаттығына байланысты Air Astana қызметін тексеруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ НЕДЕ
Argus дерегіне сүйенсек, Қазақстанда авиаотын бағасы салыстырмалы түрде арзан. Елдегі мұнай өңдеу зауыттары жанармайды тоннасына 734–777 доллар аралығында сатады. Бұл көрсеткіш Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бағадан екі есе төмен.
Сарапшылардың айтуынша, Баку әуежайында жолаушылар ағыны айтарлықтай өсіп жатыр. Олардың пікірінше, Алматы, Астана және Бакудегі әуежайлардың тиімді географиялық орналасуы мен авиаотынның арзандығы бұл аймақты, уақытша болса да, Еуропа мен Азия арасындағы жаңа транзиттік хабқа айналдыруы мүмкін. Кем дегенде, уақытша болса да.
САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ?
Асқар Исмаилов дәл осы тұста “егер Қазақстанда авиаотын арзан болса, неге ішкі рейстердің билеттері қымбат?” деген мәселе көтерді.
Ол Air Astana компаниясының қызметін тексеруді ұсынып, ішкі және халықаралық рейстердегі баға саясатына күмән келтірді.
- Мүмкін, Air Astana арзан отынды халықаралық рейстерге пайдаланып, ал ішкі бағыттарда билет бағасы жоғары болып отырған шығар? Мұнда зерттейтін жайттар көп болуы мүмкін, – дейді сарапшы.