Gucci италиялық сән үйі Ресейдегі қызметі барысында алғаш рет табыссыз қалды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның Ресейдегі бөлімшесінің кірісі 0 рубль болған. Қаржылық есепке сәйкес, компанияның таза шығыны 350 млн рубльге жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БУТИКТЕР ЖАБЫҚ
Gucci дүкендері Ресейде 2022 жылдан бері жабық. Соған қарамастан, компания Мәскеудегі екі бутикті — Петровка көшесі мен Outlet Moscow сауда орталығындағы нысандарды жалға алып отыр.
БҰҒАН ДЕЙІНГІ ТАБЫС
Компания Ресейде 2013 жылы тіркелген. 2021 жылы, яғни дүкендер жабылғанға дейін, Gucci бұл нарықта 5 млрд рубль табыс тапқан.
Кейін табыс біртіндеп төмендеген:
Ал 2025 жылы көрсеткіш нөлге дейін түскен.
ТАБЫС ҚАЛАЙ САҚТАЛЫП КЕЛГЕН
Компанияның түсіндірмесіне сәйкес, 2023 жылы бұрын сатып алынған өнімдер көтерме түрде сатылған. Осы арқылы белгілі бір табыс сақталған.
Сонымен қатар, компанияның иесі — Kering холдингі қаржылай қолдау көрсеткен.
Ал 2025 жылы мұндай қаржылық қолдау болмаған. Дегенмен, компанияны жабу жоспары әзірге жоқ екені айтылған.
ДҮКЕНДЕР САНЫ ҚЫСҚАРДЫ
Бұған дейін Gucci Ресейде бес дүкен ашқан, олардың барлығы Мәскеуде орналасқан:
2023 жылы жалдау келісімдерінің көпшілігі тоқтатылып, компания жалға берушілерге өтемақы төлеген.
Қазіргі таңда Ресейде тек екі бутик қалды: Петровкада және Outlet Moscow-та. Алайда қазіргі геосаяси жағдайда олардың жұмысын қайта бастау мүмкін емес екені айтылған.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫ АЗАЙДЫ
Компаниядағы қызметкерлер саны күрт қысқарған:
2025 жылы қызметкерлерге жұмсалған шығын 35,7 млн рубль болған.
ӘЛЕМДІ КӨРСЕТКІШ
2025 жылы Gucci-дің жаһандық табысы 6 млрд еуро болған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22 пайызға төмен.
Операциялық пайда 966 млн еуро. Kering сән үйінің сатылымын арттыруға тырысып жатыр. Осы мақсатта брендтің креативті директоры болып Демна Гвасалия тағайындалған. Ол бұған дейін Balenciaga брендінде 10 жыл жұмыс істеген.