Флоридадағы әуежайға Трамптың аты берілді

Сырым Қаржас
© Associated Press

АҚШ-тың Флорида штатының губернаторы Рон Десантис Палм-Бич халықаралық әуежайын АҚШ президенті Дональд Трамп құрметіне қайта атау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Мұндай шешім 2025 жылы Флорида билігі Майами қаласының орталығынан Дональд Трамптың президенттік кітапханасын салуға жер бөлу жоспарын мақұлдағаннан кейін қабылданған.

ҚАНДАЙ АТАУ БЕРІЛЕДІ

Қажетті рәсімдер аяқталған соң нысан «Президент Дональд Трамп атындағы халықаралық әуежай» деп аталуы мүмкін. Ол үшін АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасының (FAA) мақұлдауы және жергілікті билікпен тиісті келісімдер қажет.

ТРАМП ЕСІМІ БЕРІЛГЕН НЫСАНДАР

Бұл – Трамптың есімі берілетін нысандардың тағы бірі. Бұған дейін оның аты әртүрлі ғимараттар, мекемелер, мемлекеттік бағдарламалар, әскери кемелер және тіпті кейбір қаржылық элементтерге берілгені айтылып келеді.