Қазақстанның үш қаласында дронмен жеткізу жобасы іске қосылады

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда пилотсыз технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСПАҚ?

Министрдің айтуынша, елде халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз көліктерді сынақтан өткізуге арналған тәжірибелік жоба іске қосылады.

Жоба 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

ӨҢІРЛЕР

Пилотсыз көліктерді сынақтан өткізу:

  • Астана қаласында
  • Алматы қаласында
  • Ақмола облысында жүргізіледі

Сонымен қатар, елде дрон арқылы жеткізу жүйесін дамыту да қарастырылып жатыр.