Алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

28 наурызға қараған түні елордалық клиниканың дәрігерлері 15 жастағы жасөспірімге ота жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДОНОР КІМ? 

Бала 10 жасынан бері ауыр дертке шалдыққан. Оның жағдайы жиі нашарлап, тұрақты түрде ауруханаға жатқызуды қажет еткен, сондай-ақ күнделікті өмірінде айтарлықтай шектеулер болған. Донор ретінде миының өлімі анықталған 43 жастағы ер адам болды.

ТУЫСТАРЫ КЕЛІСІМ БЕРГЕН

Диагноз расталғаннан кейін марқұмның туыстары ағзаларын қайтыс болғаннан кейін донорлыққа беруге келісім берген. Дәрігерлер мен трансплантологтар тобының үйлесімді жұмысының арқасында жасөспірімге жаңа, толыққанды өмір сүруге нақты мүмкіндік туды.

НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ? 

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Ол жансақтау бөлімінен шығарылып, операциядан кейінгі профильдік бөлімшеге ауыстырылған.

КЕЗЕКТЕ ҚАНША АДАМ БАР?

Қазақстанда әртүрлі ағза трансплантациясын күтіп отырған 123 кәмелетке толмаған пациент бар. Оның ішінде тоғыз балаға жүрек қажет.