Соғысқа қарамастан, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы өсіп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өткен жылы тауар айналымы 415,8 млн долларды құрады — бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары (394,3 млн доллар).
Қазақстаннан негізінен ферроқорытпалар, тыңайтқыштар, күріш және басқа да тауарлар экспортталған. Ал Украинадан шоколад және какао қосылған өнімдер, ұннан жасалған және кондитерлік өнімдер, дәрі-дәрмектер, ірімшік, сүзбе және өзге де тауарлар жеткізілген.
Бұл мәселелер Серік Жұманғарин мен Александр Мищенко арасындағы кездесу барысында талқыланды.