Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство мәліметінше, Алматыда 2 ақпан сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай екі қоғамдық көлік соқтығысты.
Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің дерегінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.