«Құқықтық медиа орталығының» Инстаграмдағы аккаунты бұғатталды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөздерінен

Instagram бірқатар шағымдар мен енгізілген шектеулерден кейін «Құқықтық медиа орталық» ұйымының аккаунтын бұғаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Соңғы бір айда орталықтың парақшаларына жаппай шағымдар түскен. Осы кезеңде YouTube арнасының жұмысы уақытша шектеліп, Instagram желісінде кейбір функцияларға қатысты ескертулер мен шектеулер енгізілген.

Аккаунт бұғатталмас бұрын хабарлама жіберу мүмкіндігі тоқтатылып, кейін әкімшілерге жеке басын растау рәсімінен өту ұсынылған. Барлық талаптар платформа ережелеріне сай толық орындалған.

Алайда тексеру аяқталғаннан кейін аккаунт толықтай жабылған.

- «Қазіргі уақытта «Құқықтық медиа орталық» командасы аккаунтты қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр және қолжетімділікті қайтару үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда», – делінген орталық хабарламасында.