Қазақстан Ресей арқылы мұнай транзитін тоқтатты – Энергетика министрлігі

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

 Энергетика министрлігі Германияға Ресей арқылы мұнай транзитінің тоқтағаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайын Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы экспорттауды тоқтатуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

- Дружба» мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға мұнай транзитіне қатысты БАҚ-тағы жарияланымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қазіргі уақытта ресей тарапынан Атырау — Самара — «Дружба» мұнай құбыры бағыты бойынша қазақстандық мұнай транзитіне қандай да бір шектеулер туралы ресми хабарламалар түспегенін жеткізеді , - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Дегенмен, мекеме мамыр айынан бастап аталған құбыр арқылы мұнай айдау мүмкіндігі жоқ екенін ресми түрде растады.

- Сонымен қатар, қолда бар бейресми ақпаратқа сәйкес, ресейлік тараптың техникалық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты  1 мамырдан бастап аталған бағыт бойынша мұнай айдау мүмкіндігі уақытша жоқ. Техникалық шектеулер жойылғаннан кейін қазақстандық мұнай транзитінің қайта жандануы күтілетінін жеткізді, – деп хабарлайды министрлік.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылына шамамен 80 млн тонна мұнайдың «Дружба» құбыры арқылы шамамен 3 млн тоннасы өтеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,1 млн тоннаны құраған. Ал қазақстандық мұнай Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытының қажеттілігінің шамамен 20–30%-ын қамтамасыз етеді.