Жетісуда 39 бас асыл тұқымды ірі қараны ұрлаған бақташы ұсталды

Ulysmedia
Фото:ЖИ

Жетісу облысы Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жайылымнан 39 бас асыл тұқымды ірі қарасы жоғалғанын хабарлайды. Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
 

КҮДІКТІ – БАҚТАШЫ

Ескелді ауданында 13 сәуір күні жергілікті тұрғын полицияға жүгініп, жайылымнан жоғалған асыл тұқымды ірі қарасы туралы хабарлаған. Оның айтуынша, 81 бастың 39-ы қайтарылмай, келтірілген шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары жедел түрде іздестіру шараларын бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Тергеу барысында малды ұзақ жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді.

МАЛ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жедел әрекеттер нәтижесінде оның қылмысқа қатысы бары анықталып, күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Полицияның мәліметінше, ұрланған мал толықтай иесіне қайтарылған.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға, жеке мүлкін бақылауды күшейтуге және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.