Белгілі әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде отбасында болған күтпеген жағдай туралы айтты. Ол абайсызда кішкентай қызының қолын шығарып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚЫС ОҚИҒА
Ол Instagram парақшасына балаларымен билеп, ойнап жүргенде абайсызда қызының қолын шығарып алғанын жазды.
Күніміз көңілді басталып еді. Үшеуміз матраста секіріп жүрдік. Сосын мен Илаяның қолын байқамай қатты тартып жіберіппін. Ол “ауырды” деп жылап жіберді. Жүрегім қызыммен бірге қоса ауырды. Бірге жыладым,– дейді әнші.
Ол қызының жағдайының қиын екенін түсініп, бірден ауруханаға травмпунктке апарады. Дәрігерлер буыны шығып кеткен деп диагноз қойған.
Илая жол бойы жылап барды. Өзімді әлі кінәлап, жылап отырмын. Қалай ғана күшімді есептемегенмін. Сондай ақымақ сезініп тұрмын. Дәрігер орнына салып берді. Енді барынша абай болуым керек. Өйткені тағы да күш түссе қайтадан шығып кетуі мүмкін. Кешірші, қызым! Жүрегім өкініштен жарылып кетердей,– деп жылап отырған суретін желіге жүктеді.
РЕСМИ ТҮРДЕ АЖЫРАСҚАН
Бұған дейін әнші бұрынғы күйеуімен былтыр ақпанда ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген. Өнер иесінің сөзінше, бүгінде олар сөйлеспейді. Ал балаларын өзі асырап, тәрбиелеп жүр.
Өмірімдегі үлкен оқиғалардың бәрі – алғашқы жүктілігім, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс – бәрі 14 ақпанда болған. Ал 14 ақпанда мен сіздерге өзімді еркін әйел екенімді жарияладым. Махаббат хикаяларының бәрі әдемі басталады ғой. Ешкім тұрмысқа шығарда ажырасамын деп ойламайды, – деді ол.