Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Ulysmedia

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Махамбет Әбжанға үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Сот үкімімен Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін прокурор Қожахметова айыпталушыға 11 жыл түрме жазасын сұраған. Сот материалдарына қарағанда, Махамбет Әбжанға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған. Сот отырысы 6 қаңтарда басталған. Іске судья Айжан Құлбаева төрағалық етті.

Махамбет Әбжанның өзі бұған дейін телеграм-арнасында сотта жәбірленуші Рашит Махаттың бірде-бір рет отырысқа қатыспағанын жазған еді.

Журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Агенттік «ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады» деп хабарлаған. Журналистің өзі адвокаты арқылы тағылған айыптарды жоққа шығарған.