Қазақстан аумағына тағы да дрон құлады

Ulysmedia
rbc.ru

Ақтөбе облысында Әлімбет ауылының маңына ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары елді мекеннен шамамен 2,5 шақырым жерден табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аппарат бүгін таңғы сағат тоғыздар шамасында далаға құлаған.

Полиция тексеріс бастады. Оқиға орнында құзырлы қызметтер жұмыс істеп, бұл қандай нысан болғанын және қайдан келгенін анықтап жатыр.


– Аталған нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Әлімбет ауылы Қарғалы ауданында, Ресей шекарасына жақын, Орск қаласының маңында орналасқан. Ауылда шамамен мыңға жуық адам тұрады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін де Қазақстанның батыс өңірлерінде дрондардың құлау фактілері тіркелген. 29 наурызда Атырау облысы аумағында күйген сынықтар табылған.