Алматыда ипотекаға үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Ulysmedia

Алматыда алаяқтық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Ашық дереккөз

24 жастағы ер адам жұрттың сеніміне кіріп, ипотекаға үй алып беретінін айтып, алдын ала 400-500 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Артынша ақшамен бірге жоғалып кеткен.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің осындай он қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Ол Қарағандының тумасы болып шыққан. Қылмыстық іс бойынша өндірістік жұмыс жүріп жатыр.