Шымкент тұрғындары WhatsApp-тағы былапыт сөз үшін қомақты өтемақы төлейді

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

WhatsApp чатында өзінің және отбасының ар-намысына тиетін сөздер жазылғанын айтып, сотқа жүгінген Шымкент тұрғыны қомақты өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іс материалдарына сәйкес, тұрғын чаттағы жазбалар арқылы өзіне қатысты қорлау мен тіл тигізу болғанын алға тартқан. Сот дерегінше, жауапкерлер ортақ чатта талап қоюшы мен оның отбасы туралы былапыт сөздер қолданған.

ӨТЕМАҚЫ

Тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Талап қоюшы арызынан бас тартқанымен, жауапкерлер өз әрекеттерін мойындап, келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Келісімге сай, олар талап қоюшыға 150 000 теңгеден мамыр айының соңына дейін төлеуі тиіс.

Сот аталған келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сонымен қатар талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Қазақстанды «жексұрын мемлекет», Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «ақымақ», «ауылдан келген» деп тіл тигізген болатын. Осы сөздерден кейін оны полиция департаменті ұстап, қылмыстық іс қозғады.