×
461.55
540.38
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.55
540.38
6.15

«Оңай олжаға жүгірмеңіздер»: заңгер шулы істерден кейін жастарға ақылын айтты

Бүгін, 09:41
«Оңай олжаға жүгірмеңіздер»: заңгер шулы істерден кейін жастарға ақылын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Заңгер Ержан Есімханов қоғамда резонанс тудырған ерлі-зайыпты Жанәбіловтер мен кәсіпкер Мөлдір Сүйіншәлиге қатысты істер жөнінде пікір білдіріп, олардың әрекетін оңай олжаға ұмтылумен байланыстырды. Оның айтуынша, екі істі біріктіретін ортақ мәселе — стратегиялық ойлаудың жетіспеуі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күмәнді схемаларды таңдаған кәсіпкер

Сүйіншәли ісіне тоқталған заңгердің пікірінге, ең дұрыс шешім — жобаны толық аяқтау болар еді.

«26 жаста миллиардтаған қаржы тарта алатын харизмаң мен қабілетің болса, одан барынша пайда табудың ең оңай жолы — жобаны соңына дейін жеткізу. Сонда қолыңда дайын кейс, клиенттердің сенімі болады және ондаған миллиардтық жаңа жобаларға жол ашылады», — дейді ол.

Алайда, оның айтуынша, бұл мүмкіндіктің орнына күмәнді схемалар таңдалып, соңы қылмыстық іске ұласқан.

«Заңды жолмен табыс табу әлдеқайда оңай еді»

Есімханов сондай-ақ миллиондаған аудиториясы бар Жанәбіловтер ісіне де тоқталды. Оның пікірінше, мұндай аудиториямен жарнама арқылы және брендтермен ұзақ мерзімді келісімдер арқылы тұрақты табыс табуға болады.

«Тіпті 100 мыңнан аз оқырманы бар адамдар да жарнамадан жақсы табыс таба алады. Ол үшін сапалы контент жасап, брендтермен дұрыс байланыс орнату керек. Ал мұның орнына күмәнді ұтыс ойындары таңдалып, іс қылмыстық сипат алған», — деді заңгер.

Жастарға кеңес

Маман жастарға жедел пайда қуалаудан бас тартып, абырой мен тұрақты даму жолына назар аударуға кеңес берді.

«Асықпаңыздар. Ақша мен қымбат көлікке жүгірмеңіздер. Қолдағыны бірден ақшаға айналдыруға тырыспаңыздар. Ұзақ мерзімге жұмыс істеңіздер, абыройға инвестиция салыңыздар — сонда нәтиже әлдеқайда үлкен болады», — деді Есімханов.

Оның айтуынша, оңай олжа көбіне ауыр салдарға әкеледі, ал стратегиялық көзқарас тұрақты жетістікке жеткізеді.

Контекст

Еске салайық, Астанада сот Жанәбіловтер ісінің нүктесін қойды. Ерболат Жанәбіловке екі жыл шартты жазаға кесілді, ал Эльмира Төлегеноваға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ кішкентай балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге шегерілді.

Ал кәсіпкер Мөлдір Сүйіншали үлескерлердің қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр. Оның Nura Elite коттедж қалашығы жобасы аяқсыз қалған.

Серіктес жаңалықтары