Өскеменде зауытта жарылыс болып, ғимараттың бір бөлігі опырылды

Ulysmedia
видеодан скриншот

Өскемен қаласында зауыт аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зауыт аумағында шаң жинау құрылғысы жарылған. Осыдан кейін өрт тұтанып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.

– Алғашқы құтқару бөлімшелері келген кезде ашық жалынның өршіп жатқаны анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.