Роман Скляр Ақордаға ауысты

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Айбек Дәдебай ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарлық

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорда.

Айбек Дәдебай бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келді.

Дәдебайдың орнын Скляр басты

Президент әкімшілігін енді премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр басқарады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Жылыту маусымына дайындық жайына қалмай ма?

Еске салайық, бұдан бұрын премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жылыту маусымына қазірден бастап дайындалуды жүктеген болатын. Бұл жұмыстардың дер кезінде атқарылуын қадағалауды Роман Склярға тапсырған.

— Биылдың өзінде 130 шақырым жылу желісі және 10,5 мың шақырым электр желілерін жаңарту жоспарланған. Бұл шаралар тозу деңгейін тиісінше 48% және 62%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Келесі жылыту маусымына сапалы дайындық өңірлердің басты міндеті, — деді Бектенов.