Украина президенті Владимир Зеленский қазір Бахмут, Вухледар, Лиманский және басқа да бағыттарда ахуал қиын екенін айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
«Осындай соғыстың 346 күнінде маған майдандағы жағдайдың қиын екенін және ахуалдың қиындап бара жатқанын жиі айтуға тура келді. Қазір тағы да қысылтаяң уақыт келді. Әсіресе, Бахмут, Вухледар, Лиманский және басқа да бағыттарда соғыс күрделеніп барады. Қазір, осы 346 күннің әрбір тәулігіндегі сияқты біздің сарбаздарымыз бәріне төзімділік танытуда», - деді Владимир Зеленский.
Осы аптада орыс әскері бар күшімен Бахмут қорғанысын бұзып өтіп, Лиман бағытындағы шабуылды күшейтуге тырысты, бірақ Украина сарбаздары да тойтарыс беруде.