Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып қайтыс болды

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні мектеп ұжымының табиғат аясындағы демалысы кезінде болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Lada.kz. жазуынша, Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына демалысқа барған. Дастарқан басында 56 жастағы ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып қалған. Өкінішке қарай, оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмай, әріптестерінің көз алдында қайтыс болды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру басталғанын хабарлады.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде барынша сақ әрі мұқият болуға шақырды.