Әлемді алаңдатқан хантавирустың алғашқы белгілері қандай

Ulysmedia
коллаж AI / Ulysmedia

Соңғы кезде хантавирус туралы әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бұл вирусқа қатысты бірнеше жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Сирек кездескенімен, ауыр асқынуға әкелуі мүмкін инфекцияның алғашқы белгілері қандай? 

Ulysmedia.kz хантавирустың симптомдары мен оның қаншалықты қауіпті екенін зерттеп көрді.

ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?

Әлемде хантавирусқа қатысты алаңдаушылық қайта күшейді. Соңғы күндері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы круиздік кемедегі хантавирус жағдайларын бақылап отырғанын хабарлады. Мамандар бұл вирус сирек кездескенімен, ауыр асқынуға әкелуі мүмкін екенін айтады. 

Хантавирус – көбіне кеміргіштер арқылы таралатын қауіпті инфекция. Адам вирус жұқтырған тышқан немесе егеуқұйрықтың сілекейі, нәжісі мен зәрі арқылы жұқтыруы мүмкін. Кейбір түрлері өкпеге ауыр зақым келтірсе, енді бірі бүйрекке әсер етеді. 

ТҰМАУ СИЯҚТЫ БАСТАЛАДЫ

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мен Mayo Clinic дерегіне сүйенсек, алғашқы симптомдар тұмауға ұқсас басталады:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • қалтырау;
  • бұлшықет ауруы;
  • қатты әлсіздік;
  • бас ауруы;
  • жүрек айну;
  • құсу;
  • іштің ауыруы;
  • диарея. 

Ауру асқынған жағдайда адамда жөтел пайда болады. Тыныс алудың қиындауы, кеуде тұсының қысылуы, өкпеге сұйықтық жиналуы байқалуы мүмкін. 

ДДСҰ мәліметінше, кей науқастарда қан қысымы күрт төмендеп, тыныс жетіспеушілігі дамиды. Симптомдар вирус жұққаннан кейін 1-8 апта аралығында пайда болуы мүмкін. 

ӨЛІМГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН

Ресми дерек бойынша, өкпеге әсер ететін хантавирус синдромы өлімге әкелуі мүмкін. Тыныс алу белгілері пайда болған науқастардың шамамен 38%-ы қайтыс болады. 

Қазіргі кезде хантавирусқа қарсы арнайы вакцина немесе нақты ем жоқ. Дәрігерлер көбіне науқастың тынысын тұрақтандырып, симптомдарды жеңілдетуге тырысады. 

Егер адам кеміргіштер көп жерде болып, бірнеше күннен кейін тұмауға ұқсас белгілер мен тыныс тарылуын байқаса, мамандар дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді. Mayo Clinic хантавирус белгілері тез күшейіп, өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. 

КОНТЕКСТ

Атлант мұхитында жүрген MV Hondius круиздік кемесінде жеті адамнан хантавирус анықталған. Олардың үшеуі көз жұмған, тағы бір науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр,