Қазақстанның арнайы қызметі халықаралық іздеуде жүрген төрт азаматты елге қайтарды. ҰҚК мәліметінше, олар террористік қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен шетелде ұзақ уақыт бойы жасырынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАТЫСЫ БАР МА?
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік арнайы қызметтермен және құзырлы органдармен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген азаматтарды Қазақстанға қайтару бойынша арнайы операция өткізді.
ҰҚК дерегіне сәйкес, 7 және 12 мамырда арнайы жасақтың бақылауымен Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілді. Олар терроризмге байланысты қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.
ШЕТЕЛДЕ БОЙ ТАСАЛАҒАН
Комитеттің мәліметінше, күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген. Олар ҰҚК-нің іздеу базасы арқылы анықталып, ұсталған.
Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды.