Қазақстанда баланың ДНҚ-сын іште жатқанда анықтау мүмкін болмақ

Ulysmedia
коллаж AI / Ulysmedia

Қазақстанда әкелігіне күмәнданған азаматтар енді бала дүниеге келмей тұрып-ақ ДНҚ сараптамасынан өте алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЖАБДЫҚ САТЫП АЛАДЫ

Әділет министрлігі мұндай сараптамаларды жүргізуге арналған арнайы жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бақытжан Байтілесов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа технология жүктіліктің жетінші айында-ақ ұрықтың әкесін анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл – сараптама саласындағы жаңа бағыттардың бірі. Мұндай зерттеулерді жүргізу үшін арнайы құрылғылар қажет», – деді ол.

ТЕХНИКАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Жаңа техникалар тек әкелікті анықтаумен шектелмейді. Олар жол апаты немесе зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқан адамдардың сырт келбетін қалпына келтіруге де көмектеседі. Сарапшылар адамның көзінің, шашының түсін және басқа да белгілерін анықтай алады.

Сонымен қатар Бақытжан Байтілесов елдегі кадр тапшылығы мәселесін де көтерді. Оның сөзінше, Қазақстанда сапалы филологиялық сараптама жасай алатын мамандар жеткіліксіз.