Астанада баласын сатқан ана сотталды

Ulysmedia
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Астананың 19 жастағы тұрғыны жаңа туған баласын заңсыз бергені үшін аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген.

Сот үкімімен қыз және делдалдар қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Сотталушыларға сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленген.  

Шақалақ кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылған.