Украина шабуылынан кейін Ресейдің Новороссийск қаласындағы мұнай базасы мен жанармай терминалында өрт шықты. Жергілікті жедел штабтың мәліметінше, өртке «дрон сынықтарының құлауы» себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Украина Новороссийск қаласына 23 мамырға қараған түні дрондармен шабуылдаған. Салдарынан мұнай базасы мен жанармай терминалында өрт шыққан. Краснодар өлкесінің жедел штабы «өрт дрон соққысынан емес, оның сынықтарның құлауынан болған» деп мәлімдеді.
Шабуыл кезінде көшеде кетіп бара жатқан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Ресей әскери Telegram-арналарының хабарлауынша, дрон шабуылына байланысты Владикавказ, Грозный және Магас әуежайларының жұмысы уақытша тоқтаған.
Astra басылымының мәліметінше, өрт «Грушовая балка» мұнай терминалында болған. Бұл Кавказдағы мұнай сақтайтын ең ірі нысандарының бірі. Терминал «Транснефть» компаниясының құрамына кіретін «Черномортранснефтьке» тиесілі.