Қазақстандық оқушылар халықаралық биология олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

Ulysmedia
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық биология олимпиадасында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Ресейдің «Сириус» федералды аумағында өткен «Open International Biology Olympiad» (OIBO-2026) халықаралық ашық биология олимпиадасына қазақстанның атынан алты оқушы қатысқан. Нәтижесінде 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медалін жеңіп алған.

Алтын медальді Павлодар облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қайркен Ерсұлтан мен Алматының Медеу ауданында орналасқан NIS-тің 11-сынып оқушысы Софья Желтова жеңіп алған.

Олимпиадаға әлемнің 17 елінен 100-ден астам оқушы қатысқан.