Қазақстандықтар жазда қанша күн демалады

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

2026 жылғы жылғы жазда қазақстандықтар тек шілде айында ғана көбірек демалады. Жаздың басты мерекесі — 6 шілдеде жыл сайын атап өтілетін Астана күні қазақстандықтарды бір күн артық демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана күні

2026 жылы бұл күн дүйсенбіге түседі, сондықтан бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер қатарынан үш күн демалады — 4, 5 және 6 шілде.

Ал алты күндік жұмыс кестесі барлар үшін демалыс күндері 5 және 6 шілде болады.

Бұл мереке Қазақстан астанасының 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілуімен байланысты.

Маусымда қосымша демалыс жоқ

2026 жылдың маусым айында қосымша мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған, сондықтан ай әдеттегі жұмыс тәртібімен өтеді. Қазақстандықтар сегіз күн демалады.

30 тамыз  мереке емес

Бұрын қазақстандықтар тамыздың соңында демалатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылдың наурызында хабарлағандай, 2026 жылы 30 тамызда қосымша демалыс болмайды.

Оның айтуынша, бұл өзгеріс жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі мерекелік күнтізбедегі түзетулерге байланысты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Конституция күні 15 наурызға ауыстырылғаны жарияланған, себебі дәл сол күні тарихи референдум өткен.

Жаңа Конституцияның редакциясы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.