Ақтөбеде жаңа туған нәрестені қоқысқа тастаған

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе  қаласының Шанхай ауданынан пакетке салынған нәресте табылды. Ер баланың денесі салқындап қалған. Бала жолдасынан ажыратылмаған, кіндігі кесілмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға 23 мамыр күні Ақтөбе қаласында болды. Тургенов көшесі маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар пакеттің қозғалып жатқанын көріп, полиция шақырған. Полиция баланың анасын іздеп жатыр. 

Жаңа туған нәрестенің салмағы 2900 грамм. Шақалақты жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.

НӘРЕСТЕНІҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Дәрігерлер баланың денесі салқындап қалғанын, жағдайы жақсы екенін хабарлады. 

“Нәресте реанимация бөлімінде. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Барлық қажетті диагностикалық және емдеу шаралары жүргізілуде. Әкелгенде жолдасынан ажыратылмаған. Денесі салқын болды”,- деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған факті бойынша полиция сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

АВТОР: Ардақ Ерубаева