Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская алғаш рет Киевке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Украина астанасы Киевке Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская алғаш рет сапармен барды. Ол сапарын Ресейге қарсы соғыста қаза тапқан беларусь ерікттілерінің қабіріне тағзым етуден бастады.
Сапар барысында Светлана Тихановская Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі деп жоспарлануда. Тихановскаяның кеңсесі бұл сапарды Беларусь пен Украина халықтарының "бостандық пен қадір-қасиет үшін күрестегі ынтымақтастығының белгісі" деп атады.
Светлана Тихановская Киевке Ресей әскері Украина астанасына жасаған ірі әуе шабуылынан кейін барып отыр. Украина Беларусь Ресей жағында соғысқа тікелей араласады деп қауіптенеді. Кейінгі уақыттары Киев пен Минск қарым-қатынасы қайта шиеленіскен.