Өзбекстанда Қарақалпақстандағы шерулерге қатысты жаңа сот басталды

Ulysmedia

Бұхара облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Нөкістегі наразылық ісі бойынша 39 айыпталушыға қатысты жаңа сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Өзбекстан Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

20 тұтқынға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды;
тағы жетеуі қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін материалдарды таратқаны үшін айыпталды;
жеті адам, сондай-ақ екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген;
тағы төрт сотталушыға заңсыз қару сақтағаны үшін айып тағылды;
сотталушылардың бірі күш қолданып тонау жасады деген күдікке ілінген.
Іс бойынша айыпталушылар – банк адвокаты, адвокат, журналистер, жүргізушілер, жұмыссыздар және т.б. Сот шешімімен барлық айыпталушылар қамауға алынды.

Желтоқсан айының ортасында Бас прокуратура Қарақалпақстандағы наразылық ісінде барлығы 171 адамға айып тағылғанын хабарлады. 31 қаңтарда Бұхарада 22 наразылық білдірушіге қатысты алғашқы сот процесі аяқталды. Билік шерулердің басты ұйымдастырушысы деп атайтын адвокат Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінде Нөкіс, Мұйнақ және басқа да қалаларда Конституцияға Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін алып тастайтын түзетулерге қарсы наразылық шерулері басталды. Бірақ билік бұл шерулерді билікті басып алу әрекеті деп бағалап, демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ, резеңке оқтар мен түтін бомбаларын қолданған.

Ресми мәліметтерге қарағанда, наразылық білдірушілердің таратылуы салдарынан 21 адам қаза тапқан. Барлығы 243 адам зардап шекті.

Өзбекстан Республикасы Президенти Шавкат Мирзиеев Нөкис қаласына сапарынан кейин Өзбекстан Парламенти Конституцияға өзгериўлер енгизиў жобасынан Қарақалпақстанның суверенитети ҳаққындағы бапларды алып тастады.