Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3 мыңға жуықтады

Ulysmedia

Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезар мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Басқарма басшысының сөзінше, 15 834 адам жарақат алған.

Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шығарылғанын айтты. Сондай-ақ  338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылған.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айып, Қазақстан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Көп ұзамай Тоқаев Ердоғанға телефон соғып, елге қазақстандық дәрігерлер мен құтқарушыларды көмекке жіберетінін, сондай-ақ бауырлас халыққа гуманитарлық көмек жөнелтілетінін айтты.