ERG-дің Қазақстандағы құрылымына жаңа басшы тағайындалды

Ulysmedia
Кудрәт Шамиев / Фото ERG

ERG-дің Қазақстандағы құрылымына Кудрәт Шамиев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Еуразиялық Топ» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалған.

Кудрәт Шамиевтің қазақстандық және халықаралық компанияларда 12 жыл басқарушылық және сараптамалық тәжірибесі бар. Hikmet Travel SDN Berhad (Малайзия), Altau Group, Mangosteen Development, «Найза-Құрылыс» компанияларында түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Қазір «Integra Construction KZ» бақылау кеңесінің төрағасы, Todini Costruzioni Generali SpA директорлары кеңесінің мүшесі, «Kazakh Construction Group» бақылау кеңесінің төрағасы.