Желіде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Толығырақ
Тергеумен ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр. Іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және екінші күдікті ретінде «Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың көрсетілгені белгілі.
Дереккөздерге сүйенсек, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісімге қол қоюға ниет білдірген, алайда кейін одан бас тартқан.
Жарияланған сәтке дейін редакцияның ресми сауалына облыстық прокуратура мен ҰҚК жауап бермеген
Мейіржан Мұқасов – Атырау облысының тумасы. 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Бұған дейін қалалық ТКШ бөлімінде түрлі лауазымдар атқарған, кейін облыстық қаржы басқармасын, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарған. 2025 жылдың қаңтарында қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.